Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолайсыз ауа райына байланысты 127 жол учаскесі жабылды

Қолайсыз ауа райына байланысты 127 жол учаскесі жабылды

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.
Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тасжолдардың 109 учаскесі жабылды. Оның 41 республикалық және 68 облыстық маңызы бар, - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды. Кейінгі тәулікте құтқару бөлімшелерімен 695 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 146 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.
Тұрғындарды эвакуациялау үшін тасжолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ 99 бірлік техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.
Жаңатаста төтенше жағдай режимі енгізілді Уақытша жылыту пункттерінде 171 адам, оның 4 бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).
Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді, сондай-ақ "Дармен" мобильдік қосымшасы арқылы 94 хабарлама жіберілді.

Қордай асуының айналма жолы жабылды
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.
Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

#ауа райы #төтенше жағдай #ескерту
04 қаңтар 2023 ж. 293 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031