Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір тәулікте 259 адам қар құрсауынан құтқарылды

Бір тәулікте 259 адам қар құрсауынан құтқарылды

Өткен бір тәулікте елімізде қар құрсауынан 259 адам, оның ішінде, 30 бала құтқарылып, 21 бірлік техника шығарылды. Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта жылыту пункттерінде 139 адам, оның ішінде 14 бала бар. Блок-бекеттерде 664 бірлік техника, оның ішінде 346 жеңіл және 318 бірлік жүк көлігі тұр.
Кеше кешке еліміздегі блок-бекеттерде 1 400 бірлік көлік тұрған болатын.
Авариялық-құтқару және автожолдарды қардан тазарту жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 232 адам және 134 бірлік техника жұмылдырылды.
Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 24 учаскесі мен облыстық маңызы бар автожолдардың 42 учаскесі жабылды.
Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында республикалық және аумақтық жедел штаб құрылды.
«Дәрмен» мобильді қосымшасынан жолдардың жабылуы туралы хабарламаға мұқият мән берген жөн.
15 ақпан 2022 ж. 569 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930