Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райының бұзылуы: өткен тәулікте 372 адам құтқарылды

Ауа райының бұзылуы: өткен тәулікте 372 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Ауа райының бұзылуы: өткен тәулікте 372 адам құтқарылды. 30 наурызда Қазгидромет мәліметтері бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Осы өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күйшейуі ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс жасайды.
Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 баланы құтқарды және эвакуацияды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.
Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен қармау жүргізілді.
Қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.
«Блок-бекеттерде 1 434 бірлік техника, оның ішінде 946 бірлік жеңіл, 482 бірлік жүк және 6 автобус тұр: Ақмола облысында – 735 бірлік техника (547 жеңіл және 188 бірлік жүк), Қарағанды облысында – 532 (жеңіл-318, жүк – 208 және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 бірлік техника бар техникалық бірлік (жеңіл-35, жүк-22), Павлодар облысы - 110 бірлік техника (жеңіл-46, жүк-64)», - делінген ведомство хабарламасында.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.
#ауа райы #Қазгидромет #Төтенше жағдайлар министрлігі
30 наурыз 2022 ж. 346 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 82

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 83

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930