Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында бірқатар мектептерге танымал тұлғалардың есімдері берілді

Қызылорда облысында бірқатар мектептерге танымал тұлғалардың есімдері берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы бірқатар білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары жаңа атауға ие болса, кейбірі қайтадан аталатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін баспасөзде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысы жарияланды. Осыған орай Қызылорда облысындағы бірқатар білім беру ұйымдары жаңа атауға ие болады. Атап айтқанда, енді Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейі елімізге еңбек сіңірген инженер-гидротехник Ержігіт Бозғұловтың, №24 мектеп Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың, Жаңақорған ауданындағы №239 мектеп дирижер, Қазақстанның халық әртісі Төлепберген Әбдірашевтің, Шиелі ауданындағы №149 «Қызыл ту» орта мектебі білікті ұстаз Әлиакбар Монтаевтың есімімен аталады. Сондай-ақ, Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылындағы мәдениет үйі - «Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының Қалтай Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйі», Қызылорда қаласындағы «Стадион» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны - «Ғ. Мұратбаев атындағы стадион» коммуналдық мемлкеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта аталды.
Әділжан Үмбет
inform.kz
17 мамыр 2018 ж. 1 604 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031