Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда бірқатар сауда орындары ашылды

Ауданда бірқатар сауда орындары ашылды

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Әйтеке би кентіндегі «Мега планета» сауда орталығына арнайы барып, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның жұмысын көрді.
Кәсіпкерлік нысанның иесі «Марлен» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан дүкенде барлық отбасыға арналған киімдер сатылатынын жеткізді.
Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы жаңа кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсете берулеріне тілектестігін білдірді.
«Мега планета» сауда орталығының ашылуына орай жеке кәсіпкердің демеушілігімен 11 тұрмысы төмен отбасыларға 15 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Сертификат иелері дүкеннен осы қаржыға киімдерді тегін ала алады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентінен жаңадан жұмысын бастаған әлеуметтік дүкенге де барды.
Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік дүкенді жеке кәсіпкер Қуандық Еңсепбаев «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-нан 20 млн теңге займ алып, ашып отыр.
Бұл дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 12 түрі бар.
Атап айтар болсақ, ұн, картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қарақұмық жармасы, макарон, тұз, сары май, нан, сүт жане тағы да басқа өнімдер сатылады.
Өнімдер нарықтан 10-15 пайыз төмен бағада босатылуда.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 желтоқсан 2022 ж. 964 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 110

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 96

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 107

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031