Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Болашақ» университетінде жаңа мамандық әзірленді

«Болашақ» университетінде жаңа мамандық әзірленді

«Болашақ» университеті – Сырдың бойында, қаламыздың көркін әсем ғимаратымен келтіріп сол жағалауынан орын алған оқу орны. Қазіргі таңда университетте бакалавриат бойынша 50 білім беру бағдарламасы және магистратураның 6 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауда. Заман талабына сай бүгінгі күннің қажеттіліктерін ескере отырып жаңа мамандықтар ашылуда.

Полиция департаментімен жасалған меморандум негізінде «Болашақ» университетінде «құқық қорғау қызметі» мамандығы ашылды.

Жаңадан ашылған мамандықтың негізінде өткізілген ғылыми семинарға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Жамал-ад-Дин Назарбек, Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бижанов Самат және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қатысып, мамандықтың бүгінгі таңда өңірге қаншалықты қажет екендігін және мамандықтың қыр сырын ашып түсіндірді.

Сонымен қатар, аталған семинарға Полиция департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі, Заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы бойынша 2022 жылдың «Үздік тергеушісі» байқауының жеңімпазы Бексейтов Асылбек «Менің мамандығым» тақырыбында дәріс оқыды.
09 желтоқсан 2022 ж. 908 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 147

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 131

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30