Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Татарстаннан келген делегация Қазалыда болды

Татарстаннан келген делегация Қазалыда болды

Жақында Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына орай Дүниежүзілік татарлар Конгресі Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Альберт Бурханов бастаған делегация Қазалы ауданында болды.
Делегация мүшелері алдымен Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейде Ұлы отан соғысының ардагері, жерлесіміз, Фуат Сәйфелмөлековке арналған ескерткіш тақтасының ашылу салтанатына қатысты.
Салтанатты шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы, туған жері үшін жанын пида еткен батырдың есімі ешқашан ұмыт қалмайтындығын жеткізіп, жиылғандарды ескерткіш тақтайшаның ашылуымен құттықтады.
Мұнан соң Дүниежүзілік татарлар Конгресі Ұлттық Кеңесінің мүшесі Альберт Бурханов, Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тауфик Каримов және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Галия Гизатуллина сөз сөйлеп, батырдың ерлігі мен есімі ұлықталып жатқан шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, делегация мүшелері Қазалы қаласындағы орталық кітапхананың алтын қорын көріп, тамыры тереңнен сыр шертетін қасиетті өлкенің тарихыменде танысты. Сондай-ақ, қазақтың қара домбырасымен шырқалған әдемі әуен мен күмбірлеген күйге де қанық болды.
Мұнан кейін делегация мүшелері Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайына барып, жалынды жастар жетекшісі Ғани Мұратбаевтың аз ғұмырында жасаған еңбек жолымен танысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
03 желтоқсан 2022 ж. 269 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930