Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шалғайда жатқан елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірі тыңдалды

Шалғайда жатқан елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірі тыңдалды

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев шалғайда орналасқан елді мекендерге арнайы барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды  qazaly.kz
Жүздесу барысында Мұхтар Әуесұлы алдымен кезектен тыс Президент сайлауына біркісідей қатысқан ауыл халқына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Мұнан соң ауданымызда атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, 10 айдың қорытындысы бойынша қол жеткізген жетістіктер мен алдағы мақсат-міндеттерді тілге тиек етті.
Сондай-ақ, биылғы жылы Бозкөл, Кәукей және Абай ауылдарынан амбулатория ашу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатырғанын жеткізді.
Тұрғындармен кездесулерде халықтың тарапынан түрлі ұсыныстарын айтып, ой-пікірлерін білдірді.
Мәселен, Бозкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанұзақ Келімбетов ауыр жүк көліктерді елді мекендегі орталық көшені бүлдірмеу үшін айналма жолмен жүргізу жөнінде ұсыныс айтты.
Ал, Тасарық ауылының тұрғындары елді мекенге кіре беріс жолды жөндеу, №238 мектепке балалар тасымалдайтын көлік пен жедел жәрдем көлігін беру туралы мәселе көтерді.
Лақалының тұрғыны Алтынбек Жұбаниязов аудандағы көзі тірі Социалистік Еңбек Ері Кәрібоз Әлимаев тұратын көшеге жарықшам орнатуды сұрады.
Алыстағы Кәукей ауылының тұрғындары елдә мекендегі дәрігердің өзге қалаға қоныс аударып, жұмыстан шығып кеткеніне алаңдаулы. Осыған орай тезірек жоғары медициналық білімі бар маманмен қамтамасыз етуді сұрады.
Сондай-ақ, кәукейліктер елді мекенге жаңа трансформаторлар орнату, ауыл көшелерін асфальттау, аудан орталығынан келетін жол бойындағы көпірлерді жөндеу, тұрғындарға бақша егу үшін арнайы техникалармен көмек көрсету жөнінде айтты.
Тұрғындардың көтерген мәселесіне байланысты аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жауап беріп, айтылған ұсыныстардың барлығын рет-ретімен шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілетіндігін тілге тиек етті.
Халықпен кездесулерде аудан прокуроры Дарын Әбіш те сөз сөйлеп, елімізде алғаш рет прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе берілгенін жеткізді.
Тұрғындармен кездесулерге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғани Құрманалиев, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
Кездесулерден соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудан прокуроры Дарын Әбіш тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Тасарық ауылына сапары кезінде жаңадан ашылған наубайхана жұмысын көріп, қолға алған кәсібіне сәтттілік тіледі.
Жергілікті тұрғын Гүлмира Асанханова 2,9 млн теңге қайтарымсыз несие алу арқылы өз кәсібін бастаған. Қазіргі таңда 16 түрлі нан өнімдерін шығарып, ауыл тұрғындарына тиімді бағада ұсынып отыр.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
24 қараша 2022 ж. 451 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031