Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарыбұлақтықтарда сан сауал бар

Сарыбұлақтықтарда сан сауал бар

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сарыбұлақ ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Жиынға аудан басшысының орынбасары Күнтілес Назымбеков және бірқатар мекеме-кәсіпорын басшылары да қатысты.
Ауылдық клубта өткен басқосуда Мұхтар Әуесұлы аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдың жағдайы үнемі назарында екенін жеткізіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Сондай-ақ округтегі клубтың жайы, елді мекендегі ауыз сумен қамтамасыз ету сияқты мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып жатқанын айтты.
Өз кезегінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сражадин Шамұратов сарыбұлақтықтардың негізгі мәселелерінің бірі елді мекендегі ауызсу мен клуб ғимараты екенін жеткізді. Сонымен қатар Сарыбұлақ ауылының тұрғындары «басы ауырып, балтыры сыздаған» жағдайда Ақсуат елді мекеніне баруға мәжбүр екенін білдірді.
– Біз үшін бұл қиындық туғызып отыр. Себебі Ақсуат ауылына тура баратын бізде мүмкіндік жоқ. Сондықтан медициналық бекетті Басықара ауылына қаратуыңызды сұраймыз. Егер осы елдегі ағайындар ауыра қалса, жол-жөнекей Басықара ауылына немесе аудан орталығына барады. Одан бөлек, ауылға акушер керек. Бізде дайын маман да бар. Сондықтан ауылға ең болмаса жарты ставкамен болса да акушер штаты ашылу қажет, – деді Сражадин Шамұратов.
Мұнан соң бірнеше ауыл тұрғыны сөз кезегін алып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтар болсақ, №78 мектепке кәріз жүйесі, жаңа трансформатор қажет екені айтылды. Білім ордасының оқушыларды тасымалдайтын көлігінің тозығы жеткендігі де тілге тиек етілді.
Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев әрбір ұсыныс-пікірге қатысты жауап беріп, мәселені шешу үшін жұмыс жасайтындығын білдірді. Шалғайдағы ауылдың тұрғындары ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
25 қаңтар 2022 ж. 664 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930