Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел келешегін бағамдайық

Ел келешегін бағамдайық

Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтетіндігін әрбіріміз жақсы білеміз. Сайлау – саяси науқан. Бірақ Президент сайлауы туралы сөз болғанда мұның саяси ауқымы, елдік мұраты, халықтық қасиеті барынша кең ауқымға айналып шыға келеді. Өйткені халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан. Сол арқылы өзінің де болашақ баянына сенімділік тұғырын орнықтырған.
Осындайда әрбір көзі ашық, көкірегі ояу жан елдің бірлігі мен тұтастығына жауап береді деген ойдамын. Кезектен тыс Президент сайлауы Қазақстанның жаңа жолын, келер күндерін нұрлы белеске алып шығады деген үміттемін.
Тарихи сәтті, таңдаулы кезеңді үлкен сеніммен күтіп, осы жолда азаматтық даусымды ашық білдіремін. Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді.
Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі – мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан әрқайсысымыздың дауысымыз маңызды. Ел келешегін бағамдайтын науқанға біркісідей атсалысқанымыз абзал.
Оразғали БЕКБАНОВ,
аудандық "Ардагерлер кеңесінің" төрағасы
11 қараша 2022 ж. 602 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031