Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдат Мусин Қазақстанда планшет өндіру механизмін түсіндірді

Бағдат Мусин Қазақстанда планшет өндіру механизмін түсіндірді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин планшет өндірісін іске қосу механизмін түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz.
«Біз отандық өндіріске сұраныс тудырғымыз келеді. Егер сұраныс болмаса, онда бұл планшеттерді ұйымдастыру да қажет болмайды. Қазір Петропавлда Киров атындағы зауытта және ақпараттық технологиялар паркінде ноутбуктер мен компьютерлер құрастырылады. Бұл өндірістер жолға қойылды, енді планшеттерге сұраныс туғызуымыз керек», - деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, сатып алу ұялы байланыс операторлары арқылы жүргізіледі.
«Планшеттер жеңіл және оған бәрі үйреніп қалған. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, көптеген елдер планшеттеуге көшіп жатыр. Сұраныс тудыру үшін біз бұл зауыттарды салуға ақша бөлмейміз. Ұялы байланыс операторлары арқылы сатып алынатынын жарияладық», - деді министр.
Бұған дейін Бағдат Мусин оқушылардың сөмкесін жеңілдету үшін планшетті жалға беруді ұсынған еді.
Министрдің айтуынша, мұндай әдіс бірқатар дамыған елдерде, оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркияның мектептерінде жақсы нәтижеге әкелді.
Бұған қоса, оқушылар үшін шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік береді.

01 қараша 2022 ж. 240 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930