Ветеринарларға планшеттер беріледі - Бағдат Мусин

«Ауыл шаруашылығы саласына тоқталсақ, 1 шілдеден бастап субсидиялаудың жүйесі іске қосылды. Мұнда фермерлерге қажетті мемлекеттік қолдау жөніндегі барлық ақпарат жиналған. Бұл фермерлерге шығындарды 30 пайызға қысқартуға, жалпы құжаттармен әуре-сарсаңды қысқартуға мүмкіндік береді. «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің мобильдік қосымшасы» құрылды», - деді Б. Мусин.
Оның айтуынша, жол полициясы қызметкерлеріне берілгендей, ветеринар қызметкерлерге де планшеттер берілетін болады.
«Шалғай аудандардағы фермерлердің жүйеде тіпті интернетсіз де жұмыс істеуіне мүмкіндік жасаймыз», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бағдат Мусин мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратылып жатқанын айтты.