Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар телефон нөмірін сатып аларда биометриялық сәйкестендіруден өтеді

Қазақстандықтар телефон нөмірін сатып аларда биометриялық сәйкестендіруден өтеді

Бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізіледі Телефон алаяқтығымен күресу үшін нөмір сатып алғанда биометриялық сәйкестендіру енгізіледі. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз ұялы телефонды тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіруді енгіземіз. Әйтпесе қазір бір адамның атына бәлен нөмір рәсімделеді, олар шетелге шығарылады. Сол арқылы алаяқтар арам ойларын жүзеге асыра бастайды. Мұның алдын алу үшін біз нормативтік-құқықтық құжаттарға қажетті өзгерістер енгізіп жатырмыз. Техникалық тұрғыдан дайынбыз", - деді Мусин үкімет кулуарында.
Министрдің пікірінше, осыдан кейін мыңдаған нөмір сатып алып, өзіне рәсімдейтін адамдар саны азаяды.
"Егер бұл нөмірлер арқылы алаяқтық жасалса, онда оның иелері жауапқа тартылады. Әйтпесе қазір олар біз білген жоқпыз деп ақталады. Ал биометриялық сәйкестендіру кезінде адам нөмірді сатып аларда бұл шынымен де өз нөмірі екенін растайды", - деп түсіндірді Мусин.
Ол бұл норма тек жаңа нөмірлер үшін ғана емес, ескі нөмірлер үшін де енгізілетінін атап өтті.
13 қыркүйек 2022 ж. 623 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 104

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930