Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр ұялы телефон ұстайтындарды қуантты

Министр ұялы телефон ұстайтындарды қуантты

5G – бұл жаңа буынға жататын телекоммуникациялық стандарт. Соның арқасында интернеттің жылдамдығы артады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин екі қалада 5G желісін сынақтан өткізу шарасы басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернет жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестен өткізіп жатыр", - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министрдің сөзіне қарағанда, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.
Айта кетері, 2021 жылы қыркүйек айында цифрлық даму министрі ведомствоаралық комиссия шешімімен үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте 5G желісін сынақтан өткізуге шешім қабылданғанын айтқан. Оған белгілі бір ұялы байланыс операторының жеке дара құқығы болмайды.
5G – бұл жаңа буынға жататын телекоммуникациялық стандарт. Соның арқасында интернеттің жылдамдығы артады. Қазақстанда пилоттық жоба 2019 жылы қолға алынған болатын.
06 қазан 2021 ж. 588 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930