Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақты жұмыс тапқандар көп

Тұрақты жұмыс тапқандар көп

Сырдағы қалалар мен елді мекендерді газдандыру бағы­тын­да біршама шаруаның басы қайырылды. Бүгінде аймақ­тағы орталықпен қатар «көгілдір отын» тұтынып отырған ауыл­дар да көбейген.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ха­лықты жұмыспен қамту мәселесі қаралып, еңбек нарығындағы ахуалды баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Тамара Дүйсенова тұ­рақты жұмыс орындарын құру көрсеткіші бойынша Қызыл­орда облысы аймақтар арасында үздіктер қатарында екенін жеткізді.
«Қызылорда облысының өте жақсы нәтижеге қол жет­кізгенін атап өткен жөн. Қы­зылорда облы­сындағы ең жоғары көрсет­кіш – 88%, оның ішінде 84 пайызы зейнетақы аударымымен расталған», деді министр.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлі­баев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа онлайн режімде осы бағытта атқарылған жұмыстар ретін баяндап, биыл өңірде 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланғанын, бүгінде 21,8 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.
– Ұлттық жобалар шеңберін­де 3,2 мың адам жұмысқа орналастырылып, олардың зейнет­ақы аударымдары 84 пайызды құрады. «Кәсіпкерлікті да­мыту ұлттық жобасына» қа­тысушылар саны – 41,2 мың адам. Оның ішінде 9,2 мыңы – бос жұмыс орнына, 12,9 мыңы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. 2,3 мың тұрғын қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашты. Қалған 16,8 мыңы онлайн курстар мен қысқамерзімді оқу курстарына жолданған.
Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың адамға шаққанда кемінде 100 жұмыс орнын құру тап­сырмасына сәйкес биыл об­лыста 4 587 жұмыс ор­нын құру жоспарланған. То­ғыз ай қорытындысында бұл 5 691-ге жетіп, көрсеткіш 124,1 пайыз­ға­ орындалып отыр, – деді Н.Нәлібаев.
Сондай-ақ 100 мың жасты жұмыспен қамту тапсырмасына сәйкес келесі жылы аймақта 6 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде 3 мың азамат бос жұмыс орындарына барса, 3 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді ша­раларына тартылады. Бұл жас­тар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3,9 пайызға төмендетеді.
Аймақта жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамту, қыс­қартудың алдын алу және жал­ақы көлемін 50%-ға дейін арт­тыру бағытында 52 ірі және ор­та кә­сіпорынмен меморандум жасалған.
Облыс әкімі халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту басты міндет екенін атап өтіп, оның орындалуы тұрақты бақылауда бола­тындығын жеткізді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудандар мен Қы­зылорда қаласының әкімдеріне жос­парды орындау үшін нақты тапсырмалар берілді.
14 қазан 2022 ж. 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031