Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды еңбек биржасы жұмыспен қамтудың тиімді құралына айналып келеді – Дүйсенова

Электронды еңбек биржасы жұмыспен қамтудың тиімді құралына айналып келеді – Дүйсенова

Электронды еңбек биржасы халықты жұмыспен қамту мәселесін шешудің тиімді құралына айналып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Бүгінгі таңда Ұлттық жобалардың бәрі цифрландырылған. Электронды еңбек биржасында жұмыс орындары мен зейнетақы аударымдарына мониторинг жүргізілуімен қатар Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, еңбек шарттарын тіркеу мәселесі де қамтылып отыр. Бұған дейін 112,6 мың электронды келісімшартқа мониторинг жүргізілді. Оның төрттен біріне жуығы 12 айға дейінгі мерзімге жасалғаны анықталды», - деді ол.
Осы ретте министр Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан өңір әкімдерінен тұрақты жұмыс орындарын құру және еңбек келісімшарттарын Электронды еңбек биржасында тіркеу туралы міндеттемелердің орындалуын талап етуді, жобалардың әкімшісі болып саналатын орталық мемлекеттік органдарға және облыстардың әкімдеріне осы жұмыстың атқарылуын қамтамасыз етуді тапсыруды сұрады.
«Электронды еңбек биржасының тағы бір артықшылығы – еңбек ресурстарының ел ішіндегі қозғалысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік бар. Соңғы 3 айдың өзінде өңірлер арасындағы еңбек ресурстарының ағыны ұлттық жобаларда көрсетілген 28,3 мың бос жұмыс орнының 4 мыңнан астамын құрап отыр. Еліміздің өзге аймақтарынан еңбек күшін тарту бойынша көш басында Алматы қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Өңірлер арасындағы ауыс-қиыстың 58 пайызы осы бағыттардың еншісінде. Жалпы, Электронды еңбек биржасына шығарылған бос жұмыс орындарының 87 пайызын адамдар иеленіп үлгерді. Бір сөзбен айтқанда, Электронды еңбек биржасы халықты жұмыспен қамту мәселесін шешудің тиімді құралына айналып келеді. Сондықтан, оны жергілікті атқарушы органдар белсенді түрде қолдануға тиіс», - деді Тамара Дүйсенова.
11 қазан 2022 ж. 222 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 3

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031