Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Текті сөздің төресі – терме

Текті сөздің төресі – терме

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті. Оған 16-40 жас аралығындағы жыршы-термешілер қатысып, бақ сынады.
Байқау басталмас бұрын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы қазақ тілінің өрісін кеңейтуге атсалысып жүрген жандарды облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Шара кезінде Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Тәңірбергеновке «Қазақ тілі», Қазалы ауданының Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің мұғалімі Сандуғаш Бисембаеваға «Абай аманаты» төсбелгісін табыстады.
«Текті сөздің төресі – терме» атты байқаудың бірінші кезеңінде жыршылар республикаға танымал шайырлардың мемлекеттік тілге байланысты жыр-термелерін орындаса, екінші кезеңде, жергілікті ақын жазушылардың жыр толғаулары – Нұртуған жырау, Қарасақал Ерімбет, Байназар Өтеп, Ержан жырау, Жәмет жырау, Мысабай жырау, Нұрсұлтан Жұбатұлы, Едіге Кішкенеев, Әмитжан Бөріқұлақов, Сардарбек Қожағұловтардың термелерін жырлады.
Кешке келгендер өнеге мен өсиетке толы термелерді тұшына тыңдап, жыр жампоздарының өнеріне сүйсіне қол соқты. Бірінен бір өткен өнерпаздардың арасынан оқ бойы оза шапқан №266 мектеп-лицейдің оқушысы Елмұра Сабырова бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынға аудандық мәдениет орталығының термешісі Жанболат Өмірзақ лайық деп танылды. Мәдениет орталығы жанындағы «Жыраулар» бөлімшесінің музыка жетекшісі Жәнібек Құтмаханов пен Жалаңтөс батыр ауылынан келген Мағжан Оңғаров екінші, кәукейлік Кәмшат Көбекова, №70 мектептен қатысқан Ержігіт Пралиев және Майдакөл ауылынан келген Бахтияр Асанов үшінші орынды өзара бөлісті.
Осы күн көрермендер мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында «Өлең сөздің патшасы» атты аудандық ақындар мүшәйрасын тамашалады.
Нәтижесінде бас жүлде Кәукей ауылдық клубының сүймелдеушісі Ақжол Сұлтановқа бұйырды. №204 мектептің мұғалімі Ажар Есенова бірінші, басықаралық Гүлнұр Ұлықбан екінші орын иеленді. Пазылбек Арыстанов пен Әділет Ізбасар үшінші орын алды. Қалған қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
10 қыркүйек 2022 ж. 845 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930