Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жыршы-термешілер байқауы өтті

Қазалыда жыршы-термешілер байқауы өтті

Қазалы ауданында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай аудандық жыршы-термешілер байқауы өтті.
Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен байқауда алдымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы қазақ тілінің өрісін кеңейтуге атсалысып жүрген жандарды облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Сондай-ақ, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Тәңірбергеновке «Қазақ тілі», Қазалы ауданының Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің мұғалімі Сандуғаш Бисембаеваға «Абай аманаты» төсбелгісін табыстады.
«Текті сөздің төресі – терме» атты байқауға 16-40 жас аралығындағы жыршы-термешілер қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде жыршылар республикаға танымал шайырлардың мемлекеттік тілге байланысты жыр-термелерін орындаса, екінші кезеңде, жергілікті ақын жазушылардың жыр толғаулары – Нұртуған жырау, Қарасақал Ерімбет, Байназар Өтеп, Ержан жырау, Жәмет жырау, Мысабай жырау, Нұрсұлтан Жұбатұлы, Едіге Кішкенеев, Әмитжан Бөріқұлақов, Сардарбек Қожағұловтардың термелерін жырлады.
Бұл күні мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында «Өлең сөздің патшасы» атты аудандық ақындар мүшәйрасы да өткізілді.
07 қыркүйек 2022 ж. 989 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 153

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031