Елде заңсыз жүрген Грузия мен Әзірбайжан көліктері көбейді
Қазіргі таңда 125 автокөлік ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан аумағына жеке пайдалануға арналған шетелдік көліктерді уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлады.
Ондай көліктер, көбінесе, Грузия мен Әзірбайжан азаматтары мініп келеді. Ресми мәліметке сәйкес, шетел азаматтары көлікпен келеді. Бірақ Қазақстаннан ұшақпен кетіп жатады. Ал олардың көліктерін қазақстандықтар мініп жүреді.
"Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауда болады. Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлегеннан кейін ғана қолдануға болатынын ескертеді", - дейді салық комитетіндегілер.
Ал шетелдік нөмірмен уақытша жүрген көліктер бір жылдан кейін ЕАЭО аумағынан шығып кетуі керек.
"Ондай көліктерді шығармаға жағдайда ЕАЭО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. Мемлекеттік кірістер комитеті полиция департаменттерімен бірлесе отырып рейдттік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырған. Қазіргі таңда 125 автокөлік ұсталып,уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда", - делінген ресми хабарламада.
Осыған байланысты комитет мамандары қазақстандықтарға тек заңнамаға сәйкес автокөліктерді сатып алуға кеңес беріп отыр.
Ал сатып алынатын көліктің шығу тегіне немесе заңдылығына қатысты сұрақтар болса, мемлекеттік кірістер комитетіне 1414 нөміріне байланыс орталығына хабарласуға болады.