Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелден көлік әкелгендер нені ескеруі керек 2 рет көрсетілді

Шетелден көлік әкелгендер нені ескеруі керек 2 рет көрсетілді

Соңғы кезде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған уақытша әкелінген көлік құралдарын Қазақстан аумағына алып келу жағдайы жиілеп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Атап өтетін жағдай, көрсетілген автомашиналардың басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелініп (ЕАЭО тауарлары болып есептелмейді), кедендік бақылауда болады.
ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында ЕАЭО кедендік аумағында болуға тиіс.
Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып, мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталуда.

Мысалы, жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шетел азаматтары өз көлік құралдарын әкелген соң, біраз уақыттан кейін ҚР аумағынан кетіп қалып жатыр (негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары).
«Бұл көлік құралдары тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан аумағында тіркеуге қойып, Қазақстан азаматына беру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінгені туралы пайымдауға негіз болап отыр.
Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан аумағына тіркеуге қойылған 156 көлік құралын анықтады», делінген хабарламада.
Осыған байланысты, ҚР МКК Қазақстандағы барлық азаматқа уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді.






24 тамыз 2021 ж. 1 072 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 145

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 137

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930