Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның салық органдары Грузия мен Әзірбайжаннан көлік сатып алғысы келетін азаматтарға ескерту жасады

Қазақстанның салық органдары Грузия мен Әзірбайжаннан көлік сатып алғысы келетін азаматтарға ескерту жасады

Шетелдіктер Қазақстанға көлік тасымалдауды күн өткен сайын үдетіп жатыр, олардың арасында әсіресе Грузия мен Әзірбайжан азаматтары басым. Елге өткен көліктер содан соң ел азаматтарының меншігіне өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілі ЕАЭО кедендік аумағына уақытша әкелінген көліктер шетелдік тауар болып табылатынын және олар кедендік бақылауда болатынын атап өтті.

"Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарына ескертеді: Қазақстан аумағында уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға, сондай-ақ осындай көлік құралдарын басқаруға тек кедендік ресімдеуден және тиісінше кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана мүмкіндік беріледі", - деді комитеттегілер.

Салық қызметкерлері жеке пайдалануға арналған шетелдік көліктерді әкелгеннен кейін, шетелдік азаматтардың Қазақстаннан жай ғана шығып кететінін айтады.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тоқтатылғаны рас па?

Қазақстан шетелден автокөлік әкелуге шектеу қойғалы жатқан жоқ - Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Полиция Армения нөмірімен жүрген көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
"Бұл аталған көліктер ЕАЭО аумағына қазақстандық тұлғаларға беру үшін әкелінген деуге негіз береді. Жыл соңында көліктер ЕАЭО аумағынан шығуы керек, егер көліктер экспортталмаса, тиісті шаралар қолданылады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні 116 автокөлік уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған.

"Егер сіздің сатып алатын автокөліктің шығу тегіне немесе заңдылығына күмәніңіз болса, сіз кедендік ресімдеуден өткен-өтпегенін және Қазақстан аумағында тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды төлеген-төленбегенін Мемлекеттік кірістер комитетіне ( 8 7172 71 77 24) немесе Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ Кірістер департаментінің байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы біле аласыз", - деп түсіндірді комитеттегілер.
27 шілде 2022 ж. 674 0

Берекелі іске баулыған

15 маусым 2024 ж. 127

Көпбалалы әке көпке үлгі

15 маусым 2024 ж. 135

Халыққа сапалы қызмет

15 маусым 2024 ж. 117

Жаңа зауыт іске қосылды

15 маусым 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930