Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратураға грантпен түсуге үміткерлерден өтініш қабылдау аяқталды

Магистратураға грантпен түсуге үміткерлерден өтініш қабылдау аяқталды

Құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүргізілді. Конкурс нәтижелері 25 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы дәстүрлі форматта және виртуалды комиссиялар арқылы онлайн қабылданды.
"Бірнеше жыл қатарынан өтініштердің көбі "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" және "Бизнес, басқару және құқық" сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ қазақ тілі және әдебиет, шет тілі мұғалімдері, инженерлер және дипломаттар арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болады деп күтілуде", – деп атап өтті ҚР ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Барлығы 43 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған. Олардың 42%-ы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш – 71 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың 140-ын жинады.
Биыл шекті балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік бағыт бойынша 50 балл жинау қажет.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды.
Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және әлеуметтік желілерінде 25 тамызға дейін жарияланады. Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
16 тамыз 2022 ж. 371 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 98

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930