Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 35 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған

35 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған

Тестілеу басталғалы 35 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды, деп хабарлайды baq.kz
Олардың 45%-ға жуығы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 72 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың 140-ын жинады.
Тестілеу басталғалы 265 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде144 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 117 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Сонымен қатар постпрокторинг қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Олар емтихан материалдарын суретке түсіріп, аудиториядан алып шығуға тырысқан.
Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған іс-шаралар арқасында тестілеудің бірінші аптасында кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды. Яғни, қатысушылар өздерінің орнына басқа адамды жіберіп, тестілеуден өтпек болған. Тиісті шаралар қабылданды. Кешенді тестілеудің екінші аптасында бұндай ереже бұзушылықтар анықталған жоқ.
Осы аптада азаматтық емес жоғарғы оқу орындары, атап айтсақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы, БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ҚР ІІМ академиясы, ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсуге тіркелу аяқталды. Осы санаттағы оқуға түсушілер үшін шет тілінен түсу емтиханы 6 тамызда өтеді,–деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 46 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 мыңға көп. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 20-шілдеде басталды және 10-тамызға дейін жалғасады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл магистратураға түсу ережелері өзгерген жоқ. Кешенді тестілеу үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тесттен босатылады.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады. Тестілеу сертификаты оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Биыл шекті балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік бағыт бойынша 50 балл жинау қажет.
03 тамыз 2022 ж. 567 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 49

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031