Қазалы ауданының прокуроры тағайындалды
Бүгін Қазалы ауданының прокуроры лауазымына Әбіш Дарын Елтайұлы тағайындалды.
Жаңа қызметке кіріскен Дарын Елтайұлын аудан активіне облыс прокурорының бірінші орынбасары, аға әділет кеңесшісі Исламбек Төлегенов таныстырды.Дарын Елтайұлы 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облыстық прокуратура органдарында бастаған. Мұнан соң Жаңақорған аудан прокурорының орынбасары, Қызылорда облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма бастығы болып қызмет етті.
Ал, 2019 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Жаңақорған ауданының прокуроры қызметін атқарған.
Басқосуда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы ауданы прокуроры қызметіне тағайындалған Әбіш Дарын Елтайұлын құттықтап, ел игілігі жолында атқарар істеріне сәттілік тіледі.
#Қазалы