«Қызылорда автобус паркі» серіктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте кадрлық тағайындаулар болды.
2021 жылдың 24 мамырынан бастап Оспанов Жарас Өмірбекұлы қала әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Жарас Өмірбекұлы 1966 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу Комитетінің Қарағанды жоғарғы мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1989 жылы облыстық ішкі істер департаментінің инспекторы ретінде бастаған.1993-1998 жылдары Қармақшы аудандық ішкі істер басқармасында оперативті уәкіл, аға оперативті уәкіл, іздестіру бөлімшесінің бастығы, 1998-1999 жылдары Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының аға оперативтік уәкілі, бөлімше бастығы, 1999-2008 жылдары облыстық ішкі істер департаментінің аға оперативтік уәкілі, бөлім бастығы, 2008-2011 жылдары облыстық ішкі істер департаментінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2011-2012 жылдары Жаңақорған аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 2012-2020 жылдары облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарып келген.
Сонымен қатар «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің жаңа басшысы Руслан Ерсұлтанұлын таныстырды.Руслан Ерсұлтанұлы 1978 жылы дүниеге келген. 1999 жылы «Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1999-2002 жылдары Қармақшы, Қазалы аудандық прокурорының көмекшісі, 2002-2004 жылдары облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2004-2005 жылдары орталық аймақтық көлік прокуратурасының бөлім прокуроры сатыларынан өткен. 2005-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстықпен күрес агенттігінде, «СПК «Байқоңыр» акционерлік қоғамында жауапты қызметтерді атқарған.2020 жылдың қараша айынан бастап қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып, 2021 жылдың 11 мамырында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің директоры қызметіне тағайындалды.