Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлтан Мақашов Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Сұлтан Мақашов Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

    Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақорған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына Мақашов Сұлтан Ысқақұлы тағайындалды.
   С.Мақашов 1961 жылы туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген.
   Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.
1984-1992 жылдары – Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб.
1992-1995 жылдары – №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы.
  1995-2015 жылдары – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Қазалы филиалының директоры, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.
  2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
28 тамыз 2019 ж. 2 604 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930