«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» жобасы бизнесті бағалау қызметін ұсынады

Бағалау қызметі бизнес жүргізу барысындағы осал тұстарыңызды анықтауда және дамыту жолында нақты қадамдарды ойластыру арқылы жүзеге асады. Бұл тәсіл компанияңызға әлемдік стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде әлемдік деңгейдегі өнімділік және үздіксіз жақсартуға қол жеткізу, стратегиялық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қол жеткізесіз.
Бизнесті бағалау қызметін алу үшін кәсіпкерлер келесі критерийлерге сай болуы керек:
18 бен 63 жас аралығындағы әйел басқарады немесе серіктестік иесі әйел болып табылады;
Компания өнім шығарады немесе қызмет көрсетеді;
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес компания микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі (ШОБ) болып табылады;
Компания тұрақты негізде және/немесе қызмет көрсету шарты бойынша 5-тен 250 адамға дейін жұмыс істейді;
Компанияның Қазақстан Республикасына төленбеген салықтары жоқ;
Компания тіркелген және екі жылдан кем емес жұмыс істейді;
Компания мемлекеттік сатып алулар, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулары және т.б. бойынша сенімсіз жеткізушілер тізіміне енбеген;
Компания банкроттық немесе таратылу процесінде емес.
Қызығушылық танытқан кісілер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан кеңес ала алады. Мекенжайы: Қызылорда қ., Қорқытата көш.,123, 1-қабат («Бизнеске арналған Үкімет» ғимараты), 8/7242/400202. Кеңесші: Нұрханова Жадыра Мейрамбекқызы, 8 705 116 19 10 (Whatsapp).