Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры құрылды
20 маусым күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы V Съезі аясында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің «Әйелдер бизнесі – болашақ кепілі» атты жылсайынғы Конгресі өтті.
Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.
Екі жыл бұрын құрылған Іскер әйелдер кеңесі бүгінде еліміздің барлық аймағында қанат жайған – 16 өңірлік кеңес пен 170 аудан ортылығында кеңестер құрылып, оларды табысты қыз-келіншектер басқарып отыр.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, сонымен қатар Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру бойынша бастама жайында хабарлады.
«Мұндай қорды құру шағын несиелеу механизмі арқылы қаржы көздеріне қолжетімділікті арттырады. Бұған қоса Қор инновациялық әрі тиімді шешімдер қабылданатын, қажетті оқу курстары мен бизнесті сүйемелдеу жүргізілетін әйелдер кеңесінің ой-талқы орталығына айналмақ», – деді Лаззат Рамазанова.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы әлеуметтік белсенді әйелдер кәсіпкерлікте әлеуетін шыңдай алмаған қыз-келіншектерге көмек көрсетіп жатқандарына алғыс білдірді.
Конгресс барысында Лаззат Рамазанова әйелдер кәсіпкерлігі дамуына арналған бірқатар бағдарламалардың іске асырылатыны туралы хабарлады.
«Әйелдер кооперативті кәсіпкерлігі саласында білім беру бағдарламасы іске асырылады. Біз шағын несиелеу есебінен жүзеге асырылатын бизнес-жобаларды сүйемелдеуді жалғастыратын боламыз. Аталған шаралардың нақты өнімі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдерді көптеп тарту арқылы әйелдердің өндірістік және тұтынушылық кооперациялары болмақ», – деді Лаззат Рамазанова.
Конгресс барысында Сүт өндіретін және сүт өңдеу кәсіпорындары қауымдастығының президенті Алмагүл Айқанның «Кооперация – Оңтүстік Қазақстанда бизнес өнімділікті арттыратын құрал», «Маңғыстау облысының жекеменшік мектепке дейінгі және білім беру ұйымдары» қауымдастығының президенті Тілектес Болатбаевтың «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту арқылы Жаңаөзен қаласын трансформациялау» атты баяндамасы, сонымен қатар Халықаралық ақпараттық ғылымдар академиясының академигі, Халықаралық Еуразиялық ғылым академиясы қауымдастығының мүшесі Қазыбек Шайх, Ақтөбе қаласы «Ұстаз» бірлестігінің өкілі Гүлбану Дүзенбаева, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Гузель Манюрова, СММ қауымдастығының президенті Ализа Шайхтың баяндамалары тыңдалды.
Конгресс қорытындысы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП мен ERG Еуразиялық Тобы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова және ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қол қойды.
Меморандумға сәйкес Еуразиялық Топ «Атамекенге» қайтарым негізінде қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл қаражат Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамытуға жұмсалады.
«Шын мәнінде әлем беталысы ерекше нақышқа ие. Елбасы Қазақстан алдында қойып жатқан меже, елеміздегі гендерлік теңдік сақталып отыр. Кезкелген замануи мемлекет тіреуі болып отырған шыған және орта бизнес қозғаушы күшке ие. Еліміздің шағын және орта бизнесінің 60%-ы әйелдермен басқарылады, әрі бұл сан жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда біз АҚШ (52%), Германия (50%) мен Кореяны артта қалдырдық. Қазақстанда әйелдермен басқарылатын шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 67%-ды құрайды. Бұл бүкіл мемлекеттің ортақ жеңісі. Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінде ауыл қыз-келіншектердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қолдау мәселелері көтерілген болатын. Бұл бағытта Қазақстанның бағыты айқын, өйткені бізде бастапқы мүмкіндік әлеуеті жоғары. Еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!», – деп қорытындылады Лаззат Рамазанова.
atameken.kz