Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас сарапшылар. Қазақстанның болашақ келбетін жасайтын кімдер?

Жас сарапшылар. Қазақстанның болашақ келбетін жасайтын кімдер?

Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.
Бағдарлама «Қазақстанның болашақ келбеті» деп аталады. Бұл отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсетуге арналған арнайы бағдарлама.

Өтінімдер 18 шілдеден бастап 15 тамызға дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша магистр дәрежесі, ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының 40 жасқа дейінгі азаматтары шақырылады.

Үміткерлерді іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер өтінімді бекітілген Ережелеге сәйкес granty.kisi@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуі қажет.

Іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен үміткерлер таңдалған тақырыптарға сәйкес жеке сараптамалық баяндамалар әзірлеуі тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша бірқатар оқыту тренингтері мен семинарлар жүргізіледі.

Зерттеу бағыттары:
•Қоғамдық-саяси өзгерістердің бағыттары
•Әлеуметтік және экономикалық даму бағдарлары
•Қазақстанның әлемдік және аймақтық саясаттағы орны

Байқау қорытындысы бойынша саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға арналған үздік материалдар іріктеледі. Бағдарламаның финалистеріне 1 000 000 тенге қаржы беріледі.

28 шілде 2022 ж. 664 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 36

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 27

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 25

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930