Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 56 мың білім беру гранты: қай салаға қанша бөлінді?

56 мың білім беру гранты: қай салаға қанша бөлінді?

2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 13 шілдеден 20 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген.
Гранттардың ең көп саны инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді – 17 028 грант. Педагогикалық ғылымдар – 9573 грант, ақпараттық – коммуникациялық технологиялар – 7487, жаратылыстану ғылымдары – 4088, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1895, денсаулық сақтау саласындағы мамандықтарға – 2700, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1615, бизнес, басқару және құқық – 1223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат мамандықтарына 960 грант бөлінді.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» («Серпін») бағдарламасы шеңберінде де гранттар қарастырылған.
«Талапкерлер құжаттарын ақпараттық жүйе арқылы тапсыратын болады. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Мамандар өткен жылдағыдай бейне байланыс арқылы талапкерлерге кеңес береді», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5000-ға артты.

08 шілде 2021 ж. 1 450 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 184

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031