Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отан отбасынан басталады

Отан отбасынан басталады

ҚЫМБАТТЫ ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР!
Сіздерді Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Отбасы – қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі.
«Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын ұлттық рухани құндылықтармен сусындатып, салт-дәстүрі мен мәдениетін жоғары ұстанатын ұрпақ тәрбиелеуде отбасының маңызы зор. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық.
Отбасының қалыптасуы, қоғамның қалыптасуына тікелей байланысты.Отбасындағы ұл-қыздарыңыз әке мен ана еңбегін биіктен көрсетер тұлға болып қалыптасып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне адал қызмет атқаратынына сенімдемін.
Мерейлі мереке қарсаңында баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілеймін!

Құрметпен,
Мұхтар Оразбаев,
Қазалы ауданының әкімі

15 мамыр 2022 ж. 1 564 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930