Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Тоқаев: Ешкімге қажеті жоқ ресурстарға көрсетілген қызмет үшін біреулер миллиондап алады

Президент Тоқаев: Ешкімге қажеті жоқ ресурстарға көрсетілген қызмет үшін біреулер миллиондап алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік құрылымдардың кейбір жобаларында цифрландыруды сылтау етіп бюджет ойланбастан жұмсалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық жүйелер мен деректер базасының жұмысына қатысты мәселелерге арнайы тоқталды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мемлекеттік құрылымдар әзірлеген барлық ақпараттық жүйеге тексеру жүргізу тапсырылды.
"Олар қандай міндеттер орындайды, оларға кімнің қолы жетімді, қанша қаржы жұмсалды, азаматтар мен мемлекетке одан қандай пайда бар? Цифрландыру жөніндегі жұмыстардың басымдықтары нақты жүйеленуі керек. Мемлекет қызмет түрлерін алуды шынайы түрде жеңілдететін "Электронды үкімет" немесе жүргізушілердің жол жүру тәртібін күшейткен және жол ережелерінің бұзылуын тіркеуде адами факторды алмастырған "Сергек" сияқты жобалар болса, онда жөн. Сонымен қатар егер цифрландыру деген желеумен бюджеттен қаржы жұмсалып, кейін ешкімге қажеті жоқ ресурстарға көрсетілген қызмет үшін біреулер миллиондап алатын болса, онда әңгіме басқа", - деді Президент.
06 ақпан 2022 ж. 501 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031