Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев кәсіпкерлерге шығын келтіргендерді заңмен жазалау керегін айтты

Тоқаев кәсіпкерлерге шығын келтіргендерді заңмен жазалау керегін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлердің өзара ықпалдастығына қатысты мәселе қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 "Кәсіпкерлерге орасан зор шығын келтірген мемлекеттік аппарат пен басқа да тұлғалардың ісі ауыр қылмыспен теңестірілуі керек деп санаймын. Бұл мәселені шұғыл түрде заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің жиында сөйлеген сөзіне түсіндірме берді.

"Сіздер айтқандай, бизнестің мүддесін қорғауға және ілгерілетуге қатысты "кедергілер арқылы жүгіру" дейтін лабиринт бар сияқты. Мәселені іс жүзінде де, заңнамалық бастамалар тұрғысынан да шешу керек. Бұған қатысты тиісті тапсырма беремін. Ал арбитражға, сарапшылар қауымдастығын тартуға байланысты нақты мәселелерге келер болсақ, бұл ұсыныстарға жете мән беру қажет деп ойлаймын. Мәселені тиісті мемлекеттік органдар мен Үкімет қарастырып болғаннан кейін, шұғыл түрде нақты шешімдер қабылдаған жөн", - деді мемлекет басшысы.
12 ақпан 2021 ж. 2 626 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 79

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 77

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930