Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5 мұнай-газ зауыты қолданысқа беріледі

Қазақстанда 5 мұнай-газ зауыты қолданысқа беріледі

Елімізде 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
Айтуынша, мұнай-газ химиялық өнімін өндіру көлемі 140 мыңнан 2 млн тоннаға дейін артады. Нәтижесінде өнім импортының үлесі 87 проценттен 72 процентке төмендейді. Бұл ретте дайын мұнай-газ өнімдерінің экспорты 9 есеге артатын болады.
«Сұйылтылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізу үлесі 80-нен 100 процентке дейін ұлғайтылады. 2025 жылға қарай мемлекеттің экономикадағы үлесі 14 процентке дейін азайтылады. Мемлекеттік тапсырмалар саны 157-ден 70 бірлікке қысқармақ. Сонымен қатар 20 операторды тарату және қайта ұйымдастыру қарастырылған», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

05 қараша 2021 ж. 510 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031