Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңгені құрауы мүмкін

Номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңгені құрауы мүмкін

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2021 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады. Министр ел экономикасының өсімі 3,1%-ды құрауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтар айындағы минус 4,5%-дан бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша минус 1,6%-ға дейін жақсарды. Жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 61 долларды құрады. Дүниежүзілік қаржы ұйымының болжамынша, баға 44-67 доллар шамасында болады. Осыны негізге ала отырып, макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар көлемінде айқындалды», – деді Әсет Ерғалиев. Министрдің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік банк әлемдік экономиканың өсу қарқынын 1,6%-дан 5%-ға дейін болжап отыр. «Ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға дейін жақсарады деп болжануда. Бұл ретте номиналды жалпы ішкі өнім 77,8 трлн теңге көлемінде бағаланып отыр», – деді Әсет Ерғалиев.
20 сәуір 2021 ж. 1 824 0

Еңбегі елдің есінде

28 ақпан 2026 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031