Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 2 есе ұлғаяды

Агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 2 есе ұлғаяды

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2025 жылға қарай «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 70 мың отбасылық шаруашылық құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Агроөнеркәсіп кешені саласында 4,5 трлн теңгенің 934 инвестициялық жобасы іске асырылады. 600 мың гектар жаңа суармалы жерді айналымға тарту 70 мың отбасылық шаруашылық құруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2,5 есе артады», – деді министр.  Әсет Ерғалиевтің  айтуынша, қайта өңделген өнім үлесі 70%-ға дейін жеткізіліп, агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 2 есе ұлғаяды.  «7 ірі жүйенің экожүйесін қалыптастыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру қамтамасыз етіледі. 500 мың жұмыс орны құрылады. «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру ауыл халқының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ете отырып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді», – деді министр. 
19 қазан 2021 ж. 450 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930