Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трансшекаралық өзендер жайы талқыланды

Трансшекаралық өзендер жайы талқыланды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев екі өзеннің – Жайық және Сырдарияның экологиялық жағдайы туралы айтты.
«Жайықтың жағдайы өте күрделі. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз, бірақ оңай болмайды. Біріншіден, су аздығы. Бұған көптеген фактор әсер етуде.
Қазір ресейлік мамандармен бірге жұмыс жүргізудеміз. Таяу уақытта Жайық өзенінің су тапшылығы проблемалары бойынша бір шешім табамыз», – деді Экология министрлігінің басшысы Сенат отырысында.
Оның айтуынша, зерттеу жұмыстарына қажетті қаражат Білім министрлігімен бірлесіп, мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінеді.
«Сырдария және басқа да шекаралас өзендер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақ шешім тек қазақстандық тарапқа ғана байланысты емес. Егер Сырдария туралы айтатын болсақ, онда бұл Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен де байланысты. Мен жуырда ғана Тәжікстанның су ресурстары министрімен, Өзбекстанның су ресурстары министрімен кездестім. Жақын арада қарашадан кешіктірмей осы жағдай ­бойынша тағы да келіссөздер жүргіземіз деп келістік», – деді Брекешев.
Бұған дейін Экология, геология және табиғи ­ресурстар министрлігіне қарасты Трансшекаралық өзендер департаментінде Оралдың экологиялық жағдайы туралы айтылған болатын. Бұл мәселе бойынша экологтар да сөз сөйледі. Олар өзеннің таяз болуы экологиялық апат қаупін төндіреді деп санайды.

Бақытжан ОТАРБАЕВА
23 қазан 2021 ж. 1 229 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930