Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарқаралыдан жеткен қуаныш

Қарқаралыдан жеткен қуаныш

«Сыр елі – жыр елі» деген тіркесті бұл күнде еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін біледі десек қателеспейміз. Аталмыш сөздің мазмұны терең һәм мағыналы екенін Сырдың бойын қоныстанған халық сан мәрте дәлелдеп жүр.
Кешегі Қарасақал Ерімбет пен Жәмет, Төремұрат жыраудың, Едіге мен Рүстемдей ақтаңгер ақындардың заңды ізбасары бұл күндерде арамыздан табылады. Соның қатарында қазіргі жас толқынның көшін бастап, парасатты поэзияның алдыңғы сапында жүрген жалынды жастың бірі – Ақжол Түменбай десек жарасымды.
Ақтан батыр ауылында туып, қазіргі таңда Семей қаласында білім алып жатқан жампоз жігіт жуырда ғана Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында өткен ақиық ақын Қасым Аманжоловқа арналған «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық мүшәйраның бас жүлдесін қанжығасына байлады.
Еліміздің әр түкпірінен келген жас таланттардың ішінен шашасына шаң жұқтырмай дара шыққан жерлесіміздің бұл жүлдесі жалғыз Қазалы ауданының емес, аймағымыздың абыройын көтеруге қосқан елеулі үлесі десек қателеспейміз.
Бұған дейін түрлі облыстық, республикалық додаларда топ жарып, заманауи әндерге сөз жазып, халық ықыласына бөленіп жүрген ақынның алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беруіне зор сенім білдіреміз.

Серік АҚМЫРЗА
09 қазан 2021 ж. 379 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031