Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жерлес ақын – жұрт жадында

Жерлес ақын – жұрт жадында

Қазалы ауданында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі Рүстем Жанайдың 75 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Аудандық оқушылар үйіндегі “Ақынның тағылымды өнегесi” атты әдеби-сазды кешке ақынның жары Күләш Досжанова бастаған балалары мен немерелері және еліміздің әр түкпірінен дос-жарандары, інілері келді.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қаламгердің ауданның ғана емес, Сыр өңірінің рухани-мәдени және қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік дара қолтаңбасы қалған тұлға екендігін атап өтті. Бүгінгі күні оның шығармалары өскелең ұрпаққа тағылымы мол мұра болып қалғандығын айтты.

Шара барысында кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалып, жас ақындар жырдан шашу шашты. Рүстем Ідірұлының сөзіне жазылған әндерді орындаудағы шеберлігі үшін әнші Ғалия Оспанова «Бір өзіңе», «Сағынды аға ел сені» әнін орындаған әнші Айсәуле Қияс «Сағыныш сазы», ақынның «Құдағилар қиқуы» интермедиясын шебер сомдай білген «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы «Әзілің жарасса», Орақ Баубеков «Әупілдек» номинациясымен марапатталды.

Рүстем Жанайдың 75 жылдығына орай өткен облыстық ақындар мүшәйрасына аймақтағы аузымен құс тістеген, бабы келісіп тұрған 13 ақын қатысты. Олардың өн бойынан өнерге деген ынтызарлық айқын аңғарылды. Жастардың шығармашылығына дем беріп, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген жыр додасының қорытындысы бойынша бірінші орын Арал ауданынан келген Айдар Сайлауовқа бұйырды. Екінші орынды Ақтан батыр ауылында тұратын талантты ақын, туған жер атын асқақтатып жүрген Ақжол Түменбаев қанжығасына байлады. Ал жүлделі үшінші орынға Шиелі ауданынан келген Бекжан Ержігіт қол жеткізді. Оларға «Елдік пен ерлік», «Жыр шашу», «Өнерлі өрен» номинациясы табысталды.

Ақынның жырларын мәнерлеп оқы­ғандарға «Жыр тұлпары», «Ғашық жүрек», «Бақыт босағасы» номинациялары берілді.
Ал, ақынның өмірі мен шығарма­шылығына арналған көрмені жасаудағы ізденістері үшін Ғ.Мұратбаев ауылы «Балалықтың базары», аудандық оқушылар үйі «Мағыналы ғұмыр», Қазалы аграрлы-техникалық колледжі «Мінсіз қызмет», аудандық кітапхана ұжымына «Өмірі – өлең, тұңғиығы – терең» номинацияларын алды.

Бүгінде Қазалы мен Арал ауданының төлқұжатына айналған «Ақұдайлар» термесін аудандық мәдениет орталығы жанынан құрылған «Сейхун»-этно-рок тобының сүйемелдеуімен жеке дауыс­та Жанболат Өмірзақ нақышына келтіре орындады. ҚР Мәдениет саласының үздігі Кемеңгер Өтеп жетекшілік ететін бұл топ «Ақұдайлар» номинациясын иемденді.

Аудандық мәдениет орталығы жанындағы Жәдігер Тұрсынов атындағы халық театрының ойыншылары Рүстем ағаның «Жанқожа батыр» спектаклінен үзінді көрсетті. «Жанқожа батыр» пьесасын сахналаған Жәдігер Тұрсынов атындағы халықтық театры Рүстем Жанай атындағы «Аманат» жүлдесін жеңімпазы атанды.
Еске алу кешін қорытындылаған ақынның жары Күләш Досжанова ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
13 тамыз 2019 ж. 1 900 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930