Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше балалар эстафетасы

Ерекше балалар эстафетасы

Сейсенбі аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спорттан эстафеталық жарыс өтті. Әлеуметтік қызметкерлердің сүйемелдеуімен өткен байқауда қатысушылар топқа бөліне отырып, әр тур бойынша сынға түсті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның өтуіне аудандық жұмыспен қамту орталығы және «Қазалы-Ынтымағы» қоғамдық бірлестігі атсалысты.
Шарада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев жігерлі өрендерге сәттілік тіледі.
– Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде бұл жандарға кедергісіз аймаққа айналуды көздеген түрлі әлеуметтік, психологиялық шаралар аясы ауданда да ауқымын кеңейтіп келеді.
Біздің мақсат балалардың өздерін қоғамға пайдасы бар адам ретінде сезіндіруге атсалыстыру, – деді ол.
Жарыста балалар доп лақтыру, кедергілерден өту, ұзындыққа жарысу сынды сайыс түрлерінен өзара бақ ­сынасты. Балаларының жеңіске деген ұмтылысына тәнті болған ата-аналар мұндай сындар көмекті қажет ететін кішкентайларға жігер беріп, өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыратынын атап өтті.
Эстафета соңында оқ бойы озық шыққан топтар марапатталып, қатысқан барлық балаларға арнайы дайындалған сыйлық табысталды.

Серік АҚМЫРЗА
02 қазан 2021 ж. 758 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031