Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көркемөнерпаздар концерті

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көркемөнерпаздар концерті

"Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ''Қазалы'''корпоративтік қоры мен бірлестіктің Қазалы аудандық бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен, Қазалы аудандық жұмыспен қамту,əлеуметтік бағдарламалар жəне азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік əлеуметтік тапсырысы шеңберінде Əйтеке би кенттік клубында аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында көркемөнерпаздар концерті өткізілді. Оған мүмкіндігі шектеулі балалар да қатыстырылды.Кенттік клубтың залына жиналған көпшілікті өз өнерлерімен тәнті еткен термеші Даража Тұрмағамбет,түрлі өнер б айқауларында жүлделі орындарды иеленіп жүрген əншілер Серікбол Шайхов,Серік Ерболатов,Жеңісбек Көжебаев,Əсия Қыстаубаева, Əнуар Əлиев,өнерлі балалар Нұрайым Арсен,Нұрай Сағидулланың салған əндеріне риза болған көрермен қауым ризашылықпен қол соғып,қошемет көрсетті.Барлық өнерпаздар "ҚСҚ" ҚБ Қазалы корпоративтік қоры мен Қазалы аудандық бастауыш ұйымының алғыс хаттары мен бағалы ыйлықтарын
ие болды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
23 шілде 2018 ж. 1 334 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды