Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады

Білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты.
Биылғы 1 қыркүйекте жылдағыдай салтанатты іс-шара өтеді. Осы салтанатты шарада алғаш мектеп табылдырыған аттап жатқан 1-сынып оқушыларына Әліппені ұстатуымыз керек. Бұл - өте жақсы дәстүр. Әліппе - баланың ең алғашқы оқулығы. Сондықтан былтыр айтқандай, Әліппені дайындадық. Жалпы Әліппе дайын. Өңірлерге жеткізіліп жатыр, - деді министр.

Асхат Аймағамбетов Әліппе пен «Букварь» дайындалып, Ана тілі бойынша да дайындық жүргізілгенін айтты.
Салтанатты іс-шарада балалардың қолына Әліппені табыстауымыз керек. Сондықтан бұл жұмысты алдын ала ұйымдастыру қажет. Әліппе бойынша әдіскерлер мен ғалымдар ауқымды жұмыс атқарды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылғы Әліппесіндегі басты қағидат негізінде оқулықты әзірледік. Бұл әдістеме бойынша көп рет мәселе көтерілді. Оның негізгі ұстанымындағы дыбыспен жаттығу, әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін еске алу, буын бойынша оқу, оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту қағидасын сақтадық, - деді ол.

Министр атағандай, Әліппеде барлық оқу мақсаты сақталды.
Сондықтан әдістемелік жағынан, баланың жас ерекшелігіне сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әліппені I-II тоқсанда балалар оқып, III тоқсанан бастап Ана тілін оқиды. Осы жұмысты барлық өңірлер тиісті деігейде жүзеге асырады деп ойлаймын, - деді ол.
10 тамыз 2021 ж. 866 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031