Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар ұлт амандығын ойлайды

Ұстаздар ұлт амандығын ойлайды

Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның бірнеше мутацияға ұшыраған түрлері көбеюде. Дүниежүзілік ғалымдар таралу ауқымы ұлғайған бұл індеттен құтылудың бірден-бір жолы дертке қарсы вакцина салдыру екендігін дәлелдеді.
Генетикалық жағынан өзгеріске ұшырап, таралу жылдамдығы артқан ауруды жұқтыру қауіптілігі мұғалімдер арасында жоғары болып отыр. Себебі, мұғалімдердің әлеуметтік тұрғыда байланыс аясы кең. Өз саулығымен қатар өзгенің де саулығы үшін екпе алдыру қажет деп есептеймін.
Әлемді жайлаған індетке қарсы тұрар күрестің тура жолы вакцина болғандықтан, әр азамат өзін және жақындарын қорғау жолында дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. Себебі, ғылыми түрде де, сан ғасырғы эпидемия тарихында да екпе кеселдің бетін қайтарар қару екендігі сан мәрте дәлелденген. Осы ретте, өз саулығың – ұлт саулығы екенін ұмытпайық дегім келеді.

Эльмира Жексембиева,
N16 мектеп-лицейдің химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер

14 сәуір 2021 ж. 2 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031