Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі екпе салдырды

Облыс әкімі екпе салдырды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қалалық №3 емханада «COVID-19» инфекциясына қарсы «Спутник V» ресейлік вакцинасын салдырды. Еліміз бойынша 1 ақпан күні ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакциналау жұмыстары басталды.
– Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе ектірдім. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз! Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын!, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Егу жұмыстары I кезеңде медицина саласының қызметкерлеріне, оның ішінде қабылдау, жұқпалы аурулар бөлімінің, жансақтау және хирургиялық бөлім қызметкерлеріне жүргізілмек. ІІ кезеңде мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болып саналатын жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынатын болады.Қызылорда облысының халқына алғашқы кезеңде 80 000 доза вакцина салынады деп күтілуде.
Бүгін өңірімізге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға алғашқыда №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған.
syrboyi.kz
01 ақпан 2021 ж. 2 766 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 91

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 88

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 104

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031