Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыр темірді еңсерген Аяжан

Ауыр темірді еңсерген Аяжан

Соңғы жылдарда ауыр атлетика түрінен қазалылық спортшылар түрлі додада топ жарып жүр. Солардың бірі – ­Аяжан Нұржан есімді ару. Ол жуырда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында бақ сынады. «ZOOM» платформасы арқылы өткен жарыста 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Зульфия Чинчанло 214 (92+122) келіні көтеріп алтын иеленсе, жерлесіміз Аяжан Нұржан 165 (75+90) күміс жүлдені қанжығасына байлады. Ал қарағандылық Яна Петровскаяға 160 (71+89) қола жүлде бұйырды.
– Бұл көрсеткіш Аяжан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады. Себебі оның қарсыластары да осал болған жоқ. Бұл сайыста олимпиада чемпионы Зульфияға қарағанда тәжірибесінің аз болғандығы болмаса, алтын алу мүмкіндігі болды деп айтуға толық негіз бар, – дейді бапкері Азиз Жақсылық.
Спортшы қыз ауыр атлетикаға 2016 жылдан бастап келіп, бүгінге дейін бірнеше сайыста өзін көрсете білді. Қазіргі таңда ол Қазақстан біріншілігінің 5 дүркін жеңімпазы, спорт шебері.
– Бүгінде ел үмітін арқалаған Аяжан уақытының басым бөлігін жаттығу залында өткізеді. Ол өзіне артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін сезінеді. Сондықтан да бар-күш жігерін салып жаттығуда. Тәрбиеленушімнің әлі талай бәсекеге толы сындарда топ жаратынына үміт артамын, – дейді бапкері.
Алдағы уақытта Аяжанның биік белестерді бағындыратынына біздің сеніміміз зор.
Арайлым ЖҮСІПОВА
20 наурыз 2021 ж. 2 711 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031