Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайдың қытай тіліндегі шығармалар жинағы жарыққа шықты

Абайдың қытай тіліндегі шығармалар жинағы жарыққа шықты

Жақында есігін ашқан «Абай мұрасы» залында Абай Құнанбайұлының 145 өлеңін, үш поэмасын және «Қара сөздерін» қамтитын қытай тіліндегі шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Абай еңбектерін аударуды Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша “Ұлттық аударма бюросы” ҚҚ және Чжэцзян өлкесінің Мәдениет және өнер баспа үйінің жәрдемімен белгілі жазушы, «Қытай жазушылары» баспа тобының бас басқармасының басшысы Әкбар Мәжитұлы жүзеге асырды.
Кеш қонақтарының қатарында ҚХР бұрынғы мәдениет және туризм министрі Ван Мэн, ҚХР-дың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Чжоу Сяопэй, Қытай жазушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ли Цзенцзи және басқалары болды.
Әкбар Мәжитұлы (1954 жылы туған) – қытай тілінде жазатын аз ұлттардың өкілдерінен тұратын ҚХР-дың көрнекті жазушыларының бірі. 1982 жылдан бастап Қытай жазушылар одағының мүшесі, ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің депутаты болған, үш рет ҚХР Мемлекеттік сыйлығының иегері, II дәрежелі “Достық” орденінің кавалері, оннан астам кітаптың, оның ішінде Абай шығармалары аудармаларының авторы .
Әкбар Мәжитұлының аудармалары мен шығармашылық ізденістерінің арқасында бүгінгі таңда қытайлық оқырмандар Абай Құнанбайұлының ақындық және философиялық мұрасымен қатар қазақ әдебиетінің басқа да көрнекті классиктерінің шығармаларымен таныса алады.

11 желтоқсан 2020 ж. 1 678 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031