Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық учаскелік полицейлер онлайн форматқа көшіп жатыр

Қазақстандық учаскелік полицейлер онлайн форматқа көшіп жатыр

Инспекторлар үй-үйді аралауды азайтады және әлеуметтік желілер мен үй чаттарында профилактикалық жұмыстарға назар аударады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты "Участок" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы онлайн форматқа көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

"Бірақ бұл учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аймағын тексермейді дегенді білдірмейді. Тексеру және нұсқау рәсімдердің көбісін олар жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолдану арқылы атқарады", – деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Ең алдымен, әңгіме "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми қызмет парақшалары, танымал мессенджерлердегі жалпы чаттары, КСК және ОСИ төрағаларымен онлайн байланыс формалары туралы болып отыр.
"Инспектор көрсетілген ресурстар арқылы өзекті ақпарат пен қажетті мәліметті ала алады. Дәл сол сияқты полиция қызметкерлері қала тұрғындарының кез келген заңға қайшы әрекеттері туралы сигналдарына ден қояды", – деп толықтырды Саттаров.
Айта кетейік, учаскелік инспекторлар іс-шара басталғаннан бері 303 мың 203 тұрғын үйді, 240 мың 738 пәтерді және 62 мың 465 жеке үйді аралап шықты.

12 қараша 2020 ж. 492 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031