Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерзімі өткен жүргізуші куәліктері шілде айына дейін жарамды

Мерзімі өткен жүргізуші куәліктері шілде айына дейін жарамды

Алматы облысының полицейлері азаматтарға мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін шілде айына дейін ауыстыру қажеттілігі туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Полиция Департаменті карантин кезінде мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін 2020 жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде ауыстыруға кеңес береді.
Карантин уақытында мерзімі өткен құжаттарды ешқандай әкімшілік жауапкершіліксіз ауыстыруға 10 шілдеге дейін мүмкіндік берілді. Осы мерзімге дейін азаматтар жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжаттарын, өздеріне тиесілі қарулардың рұқсаттамаларын еш айыппұлсыз жаңарта алады, - деп хабарлады Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов.
Карантин кезінде де тәртіп сақшылары халыққа онлайн қызмет көрсетті. Облыс тұрғындарына жүргізуші куәліктерін жаңартуға, сондай-ақ көліктерін сату және сатып алуға тапсырыс беріп, мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз алуға барлық жағдай жасалды. Алматы облысы аумағында карантин уақытында 753 тұрғын өздерінің бұрынғы жүргізуші куәліктерін жаңартуға онлайн тапсырыс беріп, оларға қашықтан қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, 247 тұлға темір тұлпарларын сату және сатып алу бойынша онлайн қызметке жүгінді.
baq.kz
18 мамыр 2020 ж. 743 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930