Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсан, қаңтар айларында қатаң карантин керек

Желтоқсан, қаңтар айларында қатаң карантин керек

Жуырда ҚР Білім және ғылым министрлігі келесі тоқсаннан бастап 1-5-сыныптардың мектепке барып оқуына рұқсат берді.
Осы орайда бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған инфекционист-дәрігер Гүлжанат Шыршықбаева дәрігер ретіндегі пікірімен бөлісті.
Дәрігер ретінде желтоқсан, қаңтар айларында қатаң карантин керек деген ойдамын. Вирустың симптомсыз түрімен ауыратын адамдар айналасындағыларға қауіпті. Негізі ауруды анықтаған кезде орташа есеппен 14 күн деп аламыз. Алайда, аурудың симптомсыз түрі бір айдан асатын мерзімде бірақ жойылуы мүмкін. Америкалық ғалымдардың соңғы зерттеулеріне қарасақ, тіпті 90 күнге дейін де созылған жағдай болған. Мүмкін болса, дәстүрлі оқу жүйесіне наурызға дейін оралуға болмайды. Өйткені, бірінші толқында ауырған балаларға қарағанда, қазір ауырып жатқан балалардың жағдайы өзгеше. Ол кезде балаларда өкпенің қабынуы болмаған, қазір бар және балалардың ішек-қарын жолдарының қабынуы да байқалады, - дейді ол.
Инфекционист вирустан сақтану жолында маска тағып, қолды жиі жуып, қоғамдық ортаға баруды әлі де шектей тұру керек екенін айтады.
Ең алдымен маска тағу, қолды жиі жуу, адам көп шоғырланған жерге бармау керек деген сияқты қарапайым ережелерді әлі де болса сақтауымыз қажет. Бізде қонаққа бару тыйылмай тұр. Екі-үш ай осыны қатаң сақтауымыз керек. Дұрыс тамақтану, ұйықтау да маңызды рөл атқарады. Біз өз науқастарымызға «қорықпаңыз, тез жазылып кетесіз» деп психология жағынан қолдау білдіруге тырысамыз. Өйткені, адамның эмоциясы ағзаға, аурудың қозуына тікелей әсер етеді, - дейді дәрігер.
Гүлжанат Шыршықбаева бұған дейін карантиндік шектеудің маңызын әрбір адам жете түсінуі қажет екенін айтқан болатын.
baq.kz
10 қараша 2020 ж. 420 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031