Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәуірден бері Қазақстанда 2 571 бала коронавирус жұқтырған

Сәуірден бері Қазақстанда 2 571 бала коронавирус жұқтырған

Сәуір айынан бері елімізде 2,5 мыңнан астам балада коронавирус анықталған. Бүгінде кезекші сыныптарға барған 50 оқушы мен 3 бүлдіршін дәрігерлердің бақылауында. COVID-19 жұқтырған тағы 20 оқушы үйлерінде оқшауланған, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мамандардың айтуынша, коронавирус белгілері үлкен-кішіде бірдей білінеді. Дегенмен, ересектерге қарағанда балаларда бұл ауру жеңіл немесе орташа ауырлық деңгейінде өтеді. COVID-19 балаларда симптомсыз түрде болғанымен, аурудың салдары бірнеше аптадан кейін бір-ақ білінуі мүмкін. Инфекционист дәрігерлердің айтуынша, уақыт өте келе білінген коронавирустың салдары кавасаки синдромына ұқсас ауру. Оның басты белгілері: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және әлсіздік. Ал кей баланың денесінде бөртпе пайда болады. "Бұл «кавасакиге ұқсас синдром» немесе «көпжүйелі қабыну синдромы» деп айтылады. Ол коронавирус жұқтырған балаларда немесе симптомсыз түрмен ауырғаннан кейін 4-5 аптадан кейін пайда болады. Салдарынан дене қызуы бес күннен артық көтеріліп, температура 38-40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Бастың, тамақтың ауыруы, жөтел, буындардың сырқырауы, бұлшықеттердің ауыруы кейбір балаларда құсу және іш өтуі болуы мүмкін" - дейді №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері, Жанар Бөкенова.


09 қазан 2020 ж. 788 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 176

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 127

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930